Ломбардтар берген микронесиенің қанша пайызы мерзімінен кешіктіріліп жатыр
Салыстыру үшін айтсақ, микроқаржылық ұйымдардың жеке тұлғаларға берген микронесиесі көлемі 542,2 млрд теңгені, ал отандық екінші деңгейлі банктер берген тұтынушылық несие көлемі 5,1 трлн теңгені құраған.
Ломбардтар берген микронесие көлемінің 93,8 млрд теңгесі – мерзімі өтпеген, берешегі жоқ “таза” қарыз. Ал мерзімі өтіп кеткен, берешегі бар қарыздың көлемі – 37,2 млрд теңге, ол барлық қарыздың 28,4%-ын құрайды.
Мерзімі өтіп кеткен микронесиелердің біраз бөлігі (22,9 млрд теңге) 30 күнге дейін кешіктірілген қарыздарды құрайды. 31-60 күн аралығында кешіктірілген микронесиелер көлемі – 5,1 млрд теңгені, 61 мен 90 күн аралығында кешіктірілген микронесиелер көлемі 2,6 млрд теңгені, 90 күннен аса уақыт кешіктірілген микронесиелер көлемі 6,5 млрд теңгені құрайды.
Биыл екінші тоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстанда 594 ломбард жұмыс істеген. Алайда алынған микронесиелер көлемінің үштен екі бөлігінен астамы небәрі 20 ломбардтың үлесіне тиеді.
Микронесиелік портфель көлемі бойынша «М-Ломбард» (18,1 млрд тг) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда «МК-Ломбард» (12,7 млрд тг) пен «Астра-Ломбард» (11,2 млрд тг) келеді.
-->Салыстыру үшін айтсақ, микроқаржылық ұйымдардың жеке тұлғаларға берген микронесиесі көлемі 542,2 млрд теңгені, ал отандық екінші деңгейлі банктер берген тұтынушылық несие көлемі 5,1 трлн теңгені құраған.