Елордадағы дәстүрлі жәрмеңкеде Ақтөбе облысының өнімдері сатылып жатыр
Күз түсіп, күннің салқындағанына қарамастан, Ақтөбе облысының тауар өндірушілері мизам шуақ сәтінде қауын-қарбыз, құлпынай, таңқурай сынды жеміс-жидектерді де ала келген. Сатушылардың айтуынша, ендігі бірер аптада таңқурай да, құлпынай да бітеді. «Сондықтан елордаға жеміс-жидегіміздің соңғы бөлігін жеткізіп отырмыз» дейді Умида есімді сатушы.
Еске сала кетсек, кеше Ақтөбе облысы жәрмеңкеге барлығы 197,2 тонна өнім әкеліп отырғанын жазған болатынбыз.
-->«Елорда тұрғындарына облысымыздың тауар өндірушілері ет, сүт, шұжық, көкөніс, бақша өнімдерін, жұмыртқа, ұн, тағы басқа да тауар түрлерін ұсынып отыр. Өнімдеріміздің көпшілікке ұнайтынына сенімдімін. Себебі мұнда таңертең ерте келіп, сауда жасап жүрген қала тұрғындарының қарасы қалың. Ал бағасы нарықтан 15-20 пайызға арзан, сапасы өте жоғары, таңдау көп», – дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов.