«1 миллион теңгеге жуық»: БЖЗҚ ең көп зейнетақыны жариялады
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем – 35 523 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы – 993 040 теңге. Бұл туралы Elordainfo.kz БЖЗҚ ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері 4,52 трлн астам теңгеге (немесе 25%) өсті.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 ақпанына 21,69 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 23,8%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары – 650,21 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 12,5%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 8 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 270,08 млрд теңгеге жуықтады.
Осы қаңтар айында салымшылардың шоттарына шамамен 234,24 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті.
МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына жыл басынан бері 01.02.2025 жылға дейін 200,33 млрд аса теңге түсті, МКЗЖ - 12,17 млрд астам теңге, ЕЗЖ – 295,0 млн теңге. 2025 жылдың қаңтар айындағы ЖМЗЖ көлемі – 21,44 млрд теңге.
Биыл қаңтар айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 128,86 млрд теңгеге жетті.
78,09 млрд аса теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 16,78 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,2% жоғары.
Сондай-ақ осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 6,32 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 3,29 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 272,60 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 989,23 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 23,1 млрд теңге аударылды.