Құзырлы орын судың «қара нарығына» қарсы тоғыз әкімшілік іс қозғады
Шу-Талас бассейндік инспекциясы вегетациялық маусымда судың «қара нарығына» қатысты белсенді мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомстваға сілтеме жасап.
«Биылдың өзінде 9 әкімшілік іс қозғалып, 707 760 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді. 22 су сорғы қондырғысы арнайы су пайдалану рұқсатын рәсімдеді.