Экология

«World cleanup day»: жақында дүниежүзілік тазалық күні өтеді

Жыл сайын қыркүйектің 21-де бүкіл әлем бойынша «World Cleanup Day» акциясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

«Бұл— қоғам табиғи және қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазарту үшін бірігетін күн. Бұл маңызды оқиға қоршаған ортаны таза етуге көмектеседі және табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстан осы әлемдік бастамаға белсенді қатысуда. Іс-шара республиканың барлық өңірлерінде өтеді.

Біз барлық азаматтарды таза қоршаған орта үшін күреске белсенді қатысуға және өз үлестерін қосуға шақырамыз», - делінген хабарламада.