«Ворошиловское» су қоймасы мемлекетке қайтарылды
Бұл жөнінде Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz
2017 жылы «Ворошиловское» су қоймасы 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға (СБ) жеке кәсіпкерге (ЖК) берілген.
2021 жылы ЖК қайтыс болғаннан кейін су қоймасын басқару құқығы қосымша келісім негізінде мұрагер ретінде оның жесіріне өткен.
Алайда, СБ келісімі мен бизнес-жоспар талаптарының нашар орындалуы, тиісті бақылаудың болмауы және тиімсіз басқару салдарынан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекет меншігіне едәуір шығын әкелді. Үлкен аумақтар суарусыз қалды.
Жесір әйел Қаржы басқармасының бірнеше рет шағымдарына дұрыс жауап бермегендіктен, Басқарма сотқа талап арызбен жүгініп, мыналарды жарамсыз деп тануды талап еткен.
2017 жылғы сенімгерлік шарты;
2021 жылғы қосымша келісім;
су қоймасына қатысты жесірге берілген мұрагерлік құқығы туралы куәлік;
және су қоймасын коммуналдық меншікке қайтару.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарап, АК-тің 891-бабына сілтеме жасап, оған сәйкес сенімгерлікпен басқарушының қайтыс болуы онымен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзуға негіз болып табылатынына келісті.
Нотариустың мұрагерлерге мүлiктiк емес құқықтарды су қоймасына беру жөнiндегi нотариаттық әрекеттер жасауға құқығы жоқ, өйткенi оларда мұндай құқықтар болмаған (АК-ның 1040-бабы).
Осылайша, 2021 жылғы қосымша келісім материалдық құқық талаптарына қайшы келеді. Сенімгер қайтыс болғаннан кейін Басқарма жаңа конкурс жариялап, конкурс жеңімпазымен СБ-мен сенімгерлік шарт жасасуға мәжбүр болған.
Сенімгерлікпен басқару шартының талаптарына сәйкес объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығын сенімгерлік басқарушыға беруге әкеп соқпайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылып, шешім қабылданды:
2017 жылғы сенімгерлікпен басқару шарты жеке кәсіпкердің қайтыс болуына байланысты бұзылды деп танылсын;
2021 жылғы қосымша келісім жарамсыз деп танылсын;
су қоймасына қатысты жесірге берілген мұрагерлік құқығы туралы куәлік жарамсыз деп танылсын.
Сот жесір әйелді су қоймасын коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді. Осылайша, мемлекеттік меншікке құқықтарды заңсыз беру бөлігінде мемлекеттің заңды мүдделері қалпына келтірілді. Шешім заңды күшіне енді.