Таза Қазақстан: Елордалық жастар экологиялық акцияны қолдады
Maqsut Narikbayev University студенттері 1-курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5 мыңнан астам қатысушы жиналды.
Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясы жалғасып жатыр.
Экоакция шеңберінде қаланы нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.