Маңғыстауда сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді
Маңғыстау даласында «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін, құмда өсетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялық қызметіне сілтеме жасап.
Соғды қызғалдағы – жойылып кету қаупі бар, климатқа төзімді өсімдік. Ол тек Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстау аймағының құмды әрі тасты шөлдерінде өседі.
Наурыз-сәуір айларында гүлдейді және биіктігі 10-25 сантиметрге дейін жетеді.
Жасыл желекке оранған Маңғыстаудың кең даласы көпшіліктің назарын аударған. Мамандар сирек кездесетін қызғалдақты жұлмауға, сырттай ғана тамсануға шақырады.