Каспий теңізіндегі жаңа дақтар: министрлік ақпаратты жоққа шығарды
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Каспий теңізінде мұнай өнімдері бар жаңа дақтарға қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кеше «Каспий теңізін сақтайық» жаһандық экологиялық қозғалысы «Каспийдегі ашық әлем» жобасының дерегіне сәйкес, мамырдан бері Sentinel-1A және Sentinel-1 °C спутнигі Каспий теңізінде мұнай өнімдері бар жаңа дақтарды апта сайын тіркеп отырғаны туралы ақпарат тарады.
«Мұндай ақпарат былтыр да әлеуметтік желіде тарады. Бірақ бүгінде Каспий теңізіндегі жаңа дақтарға қатысты дерек тіркелген жоқ»,- деді вице-министр Жомарт Әлиев.