Экология

Ақмола облысында жаңа гидротехникалық құрылыс салынып жатыр

Ақмола облысында «Қазсушардың» өңірдегі филиалы Нұра топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасы аясында жаңа гидротехникалық құрылыс салып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

«Сабындыдағы 9 ұңғымада жерасты суының қоры мен сапасы зерттеліп, құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Жоба аяқталған соң, су жүйесінің өткізу мүмкіндігі артып, өңір тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.