Денсаулық

Жыл сайын елімізде 22 мың бала уақытынан бұрын дүниеге келеді

Халықаралық шала туған сәбилер күніне орай №3 көпсалалы қалалық ауруханада арнайы іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл сайын әлемде 15 миллион бала уақытынан бұрын дүниеге келеді.
Елімізде олардың жыл сайынғы саны – 22 мың және неонатологтардың үйлесімді жұмысының арқасында балалардың өмір сүру деңгейі артып, бүгінде 70-80%-ға жетті.

Бұл мереке мерзімінен бұрын босануға назар аударатын арнайы күн ретінде ерекше атап өтілді.

Медициналық мекемеде ана өлімі нөлге тең және қала бойынша нәресте өлімі көрсеткіші ең төмен. Жоғары көрсеткіштерге дәрігерлердің біліктілігі мен заманауи техникалық жарақтандырудың арқасында қол жеткізіледі.

-->

Биылғы 9 айда №3 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогында 5 577 бала дүниеге келді. Оның 358-і – шала туған, ал 33-і өте аз салмақта өмірге келген. Өкінішке қарай, жыл сайын мерзімінен бұрын босану саны артып келеді. Мерзімінен бұрын босану фертильді жастағы әйелдердің денсаулығының нашарлауымен байланысты.
Жыл сайын біз мерзімінен бұрын босану көрсеткіші артып келе жатқанын байқап отырмыз. Әдетте, аналар жүктілікті жоспарламайды әрі прегравидальды тексеруден өтпейді, ал бұл мерзімінен бұрын балалардың дүниеге келуіне әкеледі, – деді №3 көпсалалы қалалық аурухананың балалар реанимациясы бөлімінің меңгерушісі Ирина Божко.

Бұл мереке мерзімінен бұрын босануға назар аударатын арнайы күн ретінде ерекше атап өтілді.

Бір жарым ай реанимацияда жатып, қазір жаңа туған нәрестелерді күту бөліміне ауыстық. Денсаулығымыз жақсы. Сәбиім алдымен түтік пен түрлі құрылғылар арқылы дем алып жатты, ал қазір өз бетімізше дем ала аламыз.
Дәрігерлердің арқасында жылдам қалпымызға келеміз, – деді босанған әйел Анар Марал.