Жетісу облысында тойға барған 20 адам тамақтан уланып ауруханаға түсті
Олардың барлығына «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған, деп хабарлады Elorda.info Облыстық Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап
Департаменттің мәлімдеуінше, 28 тамыз күні Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан хабар түскен.
Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған. Олардың барлығы тойға барған.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.
-->Департаменттің мәлімдеуінше, 28 тамыз күні Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық ауруханадан хабар түскен.
Онда «инфекциялық шығу тегі өзге және анықталмаған гастроэнтерит және колит» алдын ала диагнозы қойылған 20 адам ауруханаға түскені айтылған. Олардың барлығы тойға барған.
Алакөл орталық аудандық ауруханасында зардап шеккен бар адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның11-і жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, қалған 9-ы ауруханаға жатудан бас тартты. Науқастардың жағдайы бірқалыпты,- делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес эпидемиологиялық тергеу басталды.
Тергеу барысында эпидемиологиялық анамнезге сәйкес бұл жағдай 27 тамызда Қабанбай ауылының «Шағала» мейрамханасында өткен үйлену тойында дайын тағамдарды тұтынумен байланысты екені анықталды. Облыстық және аудандық мүдделі органдарға хат жолданды,- деді Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері.