Денсаулық

ЖИ Қазақстанда қандай сырқатты анықтауда қолданылып жатыр

Қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллект технологиялары отандық клиникаларда қолданылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде денсаулық сақтау жүйесіндегі жасанды интеллект технологиялары отандық клиникаларда флюорография, маммография, рентгенография, КТ және МРТ талдау кезінде инсульт, өкпе, сүт безі қатерлі ісіктері мен пневмонияны анықтау үшін қолданылады.

«Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға және пациенттерге көбірек уақыт бөлуге көмектесетін жасанды интеллект ассистенттер жұмыс істей бастады. Жасанды интеллект дәрігерді алмастырма алмайды. Дегенмен оның мүмкіндіктерін күшейтіп, медицинаны барлық азамат үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн», - деді Ақмарал Әлназарова.