Қызылша: Инфекциялық ауруханада төсек-орын саны артты
Қазан айынан бастап Қалалық жұқпалы аурулар орталығында қызылшамамен ауыратын науқастар үшін 100 төсек орналастырылды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Балалар стационарында орын 500 төсекке дейін артты. Олардың ішінде 20 реанимациялық төсек-орын бар. Екпе салдыру жұмыс күндері сағат таңғы 8:00-ден кешкі 18.00-ге дейін, ал фильтр кабинеттер демалыс және мереке күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда ересектер, балалар және жүкті келіншектерді қабылдайды, - деді Әлия Рүстемова.