Қызылшаға 37 мыңнан астам зерттеу жүргізілді
Биыл Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) зертханаларында қызылшаға 37 506 зерттеу жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, қызылшаның алдын алу – бұл бірінші кезекте вакцинация. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға салынады.
6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6-11 айлық, 2-4 жастағы балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.
-->14 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 300 оң нәтиже анықталды. Бұл 2022 жылғы жалпы саннан асып түсті.Оң нәтижелердің ең көп саны Алматы (3 345), Шымкент (2 921) қалаларында, сондай-ақ Алматы (2 645), Жамбыл (1 959), Маңғыстау (1 944), Қызылорда (1 668), Атырау (1 609) облыстарында анықталды.Бүгінгі күнде ҰСО-ның барлық зертханалары қызылшаны жедел анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық тест-жүйелермен қамтамасыз етілген, - деп жазылған хабарламада.