Денсаулық

Вице-министр: Қарағандыда балалар тамақтан уланбаған

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info

Оның айтуынша, алғашқы тексеруден кейін балалар тамақтан уланбағаны анықталған.

Вице министрдің берген дерегінше, 12 баланың арасында біреуі көз жұмды. Алты бала жансақтау бөлімінде, бес баланың жағдайы орташа ауыр.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда 6 бала жансақтау бөліміне түсті, 1 бала қайтыс болды

Айта кетейік, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелген болатын. 

-->

Оның айтуынша, алғашқы тексеруден кейін балалар тамақтан уланбағаны анықталған.

Кеше бізге Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Себепті анықтау үшін уақыт қажет. 30 шілде кешке қарай балалар ауруханаға түсті, қалғандары 31 шілдеде келе бастады. Бұған дейін тамақтан уланған деген күдік болғанымен, бастапқы тексеру кезінде тамақтан улануға еш қатысы жоқ екені анықталды, - деп жауап берді А. Есмағамбетова Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері қойған сауалға. 