Денсаулық

Өткен жылы елімізде 390 мыңнан астам сәби дүниеге келген

2023 жылы 400 мыңға жуық әйел жүктілігі бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауында болған, деп хабарлады Elorda.info 

Дәрігерлер ауыр акушерлік және соматикалық асқынуларға байланысты өте ауыр жағдайдағы 1000-нан астам жүкті әйелді құтқара алды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, босандыру қызметінің мамандары 388 мың босануды сәтті қабылдады. Нәтижесінде елімізде  390 мың сәби дүниеге келді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау «Аңсаған сәби»    бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдан бастап 21 000 әйелге ЭКҰ өткізілді, нәтижесінде 8 000-нан астам әйел жүкті болып, 6 000-нан астам көптен күткен бала өмірге келді.     

-->

Медициналық авиация желісі бойынша 200 ұшу орындалды, 21 әйел жергілікті жерде операция жасалды, 190 әйел ауыр жағдайда облыстық, республикалық клиникаларға тасымалданды және құтқарылды;

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында алғаш рет ана өлімі көрсеткішінің 32%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Өткен жылы босандыру бойынша диагностика мен емдеудің 18 басым клиникалық хаттамасы бекітілді; босандыру қызметінің 2000-нан астам дәрігері және 3000 ОМҚ, 64 дәрігер Ыстамбұлда, 50 дәрігер Санкт-Петербургте оқып келді, - деп жазды дереккөз. 