Денсаулық

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық бала дүниеге келді

Шымкентте салмағы 7 келіге жуық алып сәби дүниеге келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 41 жастағы көпбалалы ана баланы өз бетімен дүниеге әкелген. Салмағы - 6,7 келі. 

Дәрігерлердің айтуынша, алып сәбидің дүниеге келуі сирек кездесетін жағдай. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.