Денсаулық

Министрлік БЗЖҚ тіс емдету үшін қолдануға тыйым салуды ұсынды

Денсаулық сақта министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану нормасын алып тастауды ұсынды. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұйрық жобасында зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайларын аңықтауға байланысты стоматологиялық қызметтерге (тістерді протездеу, имплантациялау) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделеді», - деп жазылған хабарламада.

Қоғамдық талқылау 30 қыркүйекке дейін болады.