Денсаулық

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам операция жасалды

Елордада нейрохирургтардың V конгресі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара  Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған.

Конгресте Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы, еліміздің бас нейрохирургы, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдың ішіндегі қызметінің қорытындылары туралы айтып, елдің нейрохирургия қызметінің статистикасы мен талдауын келтіріп, нейрохирургиядағы бар проблемаларға тоқталды.

Конгрестің жұмысына 250-ден астам адам қатысты.

-->

Елордада нейрохирургтардың V конгресі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара  Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдығына арналған.

Нейрохирургия науқастың өмірін сақтап қалуға, оның өмір сүру ұзақтығы мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін медицинаның ең күрделі бағыттарының біріне жатады.

Бүгін нейрохирургтардың күнделікті еңбегінің арқасында Ұлттық орталықта 60 мыңнан астам пациент емделді, 40 мыңнан астам операция жасалды, бұрын Қазақстан мен Орталық Азияда қолданылмаған 70 жаңа нейрохирургиялық технология енгізілді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Конгресте Ұлттық нейрохирургия орталығының басшысы, еліміздің бас нейрохирургы, ҚР ҰҒА академигі Серік Ақшолақов Ұлттық нейрохирургия орталығының 15 жылдың ішіндегі қызметінің қорытындылары туралы айтып, елдің нейрохирургия қызметінің статистикасы мен талдауын келтіріп, нейрохирургиядағы бар проблемаларға тоқталды.

15 жылдың ішінде Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның жаңа бағыттары енгізілді - бұл эндоваскулярлық нейрохирургияны, тамырлы нейрохирургиялық патологияларды емдеуді, омыртқа мен жұлынның зақымдануы кезіндегі реконструктивтік операцияларды, функционалдық нейрохирургияны, ісіктер мен мидың басқа да патологиялары кезіндегі нейромодуляция мен нейронавигациялық жүйелерді қолдануды және т.б. қоса алғанда  микронейрохирургия. Соңғы 15 жылдың ішінде өңірлерге 64 технология трансферті жүзеге асырылды, соның арқасында көптеген облыстарда жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі, - деді С.Ақшолақов.

Конгрестің жұмысына 250-ден астам адам қатысты.