Үкімет «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 60,3 млрд теңге бөлді
Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің біріі екенін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті.
Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
-->Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.
Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті.
Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
«Үкімет ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда», - деді Олжас Бектенов.