Денсаулық

Кәсібін бір бөлмеден бастаған астаналық

Астаналық кейіпкерімізге 2018 жылы «өз бизнесімді ашсам» деген ой келіпті. Әуелі бір кабинет қана ашқан. Келе-келе бұл бірнеше филиалы бар емханаға айналған, деп хабарлады Elorda.info. 

Бұрын өзі акушер-гинеколог болған «Ultraline» медициналық орталығының директоры Мақпал Қасымова өз кәсібіне «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының» қолдауымен қол жеткізгенін айтты. 

кывз.jpg

Астана бойынша осындай 6 филиал бар, 100 маман қызмет етеді. Орталық таңертеңгі 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық. Барлық филиалдар бойынша күніне 200-250 адам келеді екен. Ал жақында тағы бір филиал ашылмақ. 

картин.jpg

Кәсіпкер Мақпал Қасымова әртүрлі банктермен салыстыра келе «Халық банкімен» жұмыс жасау жеңілірек деп таныпты. Бұл жолы кәсіпкер 6 пайызбен 106 млнды 7 жылға алған. Банкке жақсы кепілдікті ұсынсаңыз, 300-400, тіпті одан да көп қаражат бере алатынын айтты ол. 

Медициналық орталықта, негізінен, гинекология мен УЗИ-ге басымдық жасалғанымен, терапевт, эндокринолог, уролог т.б. мамандар да бар. 

Ал 50 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі акушер-гинеколог Әмина Кульшарипова осы орталықта екі жылдан бері еңбек етеді екен. Ол науқастардың ауруды асқындырмай, дер шағында дәрігерге көрініп, емделгендері дұрыс екенін айтты.

гин.jpg

Мұндай халыққа пайдалы кәсіп ашам деушілерге медицина орталығының директоры Мақпал Қасымова «Армандап, мақсат қойып, еңбектен қашпасаңыздар болғаны» дейді, сондай-ақ бухгалтерлік есеп-қисабыңыз түзу болса, банктен қажетті қаражатыңызды алуға болатынын айтты. 

-->

-Әуелі бір кабинет, кейін екі филиал аштым. Ол кезде ғимараттарды жалға алған болатынбыз. Содан 2020 жылы, карантин кезінде «өзімізге тиесілі тағы бір медициналық орталық ашсам» деген ой келді. Осы кезде БТБ банкі ортақ жоба ұсынды. Мұны жүзеге асыру үшін ұзақ жүрдік. Себебі есеп-қисабымыз түп-түгел емес еді. Дегенмен ақыр аяғында мына ғимаратты алдық. Жарты жылдай жөндеу жұмыстарын жасап, жұмысты бастап кеттік, - деді орталық директоры.

Астана бойынша осындай 6 филиал бар, 100 маман қызмет етеді. Орталық таңертеңгі 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық. Барлық филиалдар бойынша күніне 200-250 адам келеді екен. Ал жақында тағы бір филиал ашылмақ. 

картин.jpg

-Жақында Халық банкі мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының» қолдауымен тағы да несие алдық. Ғимарат құрылысы, флюора көлік үшін тағы несие алдық. Кәсіп дөңгелеп келеді, - деп бөлісті жоспарларымен медициналық орталықтың директоры.

Кәсіпкер Мақпал Қасымова әртүрлі банктермен салыстыра келе «Халық банкімен» жұмыс жасау жеңілірек деп таныпты. Бұл жолы кәсіпкер 6 пайызбен 106 млнды 7 жылға алған. Банкке жақсы кепілдікті ұсынсаңыз, 300-400, тіпті одан да көп қаражат бере алатынын айтты ол. 

Медициналық орталықта, негізінен, гинекология мен УЗИ-ге басымдық жасалғанымен, терапевт, эндокринолог, уролог т.б. мамандар да бар. 

«Ultraline»-ға УЗИ-ге түсіп, қаралып жүрміз. Мамандардың көрсетіп жатқан медициналық көмектеріне көңіліміз толады. Әсіресе, мұнда мықты акушер-гинеколог бар. Бағасы да қаладағы орталықтармен салыстырғанда орта деңгейде, қалтаны қақпайды, - дейді елорда тұрғыны Дильназ Рахат. 