Елорданың жедел жәрдем паркі 70 жаңа көлікпен толығады
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, демалыс күндері жедел медициналық жәрдем станцияларына барды, деп хабарлады Elorda.info.
Аралау барысында жұмысты жандандыру бойынша ең өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Санитарлық көлік паркінде жүргізілген техникалық аудиттің қорытындысы бойынша, ақаулы автомобильдерге жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
-->Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша елорда әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, демалыс күндері жедел медициналық жәрдем станцияларына барды, деп хабарлады Elorda.info.
Аралау барысында жұмысты жандандыру бойынша ең өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Санитарлық көлік паркінде жүргізілген техникалық аудиттің қорытындысы бойынша, ақаулы автомобильдерге жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
«Биыл жедел жәрдем паркін 70 жаңа санитарлық автокөлікпен толықтыруды жоспарлап отырмыз, бұл қызметтің жеделдігін айтарлықтай жақсартады.
Жұмысты ыңғайлы жүргізу үшін медициналық қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбекақысы ұлғайтылды.
Әріптестерімізбен бірлесіп, елордалық жедел медициналық жәрдем қызметі жұмысының сапасын жақсарту бойынша басқа да шұғыл шаралар қабылдаймыз», - деді Е.Глотов.