Елордалықтар өздері қалаған емханаға тіркеле алады
Астанада халықты емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі кампания екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Биыл бірқатар шетелдік азаматтарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді, деп хабарлады Elorda.info.
Қазіргі уақытта тұрғындар Астана қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 44 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 18-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.
Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын үнемі қадағалауы үшін тұрғылықты жерге жақын орналасқан емханаға тіркелу ұсынылады. Бұл ең алдымен пациент үшін әрі дәрігерді үйге шақырған кезде тез келуіне ыңғайлы. Мұны, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар, дәрілік терапияда немесе клиникаға жиі баруға мәжбүр пациенттер ескеру керек.
Емханаға қалай тіркелуге болады?
Емханаға тіркелу жолдары өзгерген жоқ. Оның 2 түрлі тәсілі бар.
Біріншісі – egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркеу» қызметін пайдалану керек. Ол үшін сайтта авторизациядан өтіп, қызмет түрін таңдап, ашылған бетті толтыру қажет. Осы ретте таңдаған емхананың учаскелерінде бос орындардың бар-жоғын алдын ала нақтылап алған абзал.
Екіншісі – емханаға барып, өтініш жазу арқылы тіркелу. Бұл тәсілді тек қана зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқандар, шетелде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтіндер, жетімдер, сәбилер, қарттар үйіндегі жандар, ерікті және жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша тіркелгендер пайдалана алады.
Шетелдік азаматтарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді
Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді және олардың отбасы мүшелерін (балалары мен жұбайларын), ЕАЭО-ға мүше елдердің (РФ, Беларусь, Қырғызстан, Армения) бірінің азаматтығы бар, ҚР-да уақытша тұратындарды емханаға тіркеу ережелері өзгерді.
Жаңа қағидаларға сәйкес, енді бұл шетелдіктер емханаға ерікті медициналық шарт (ЕМС) немесе алғашқы медициналық-санитариялық және шұғыл стационарлық көмекке жүктелген медициналық сақтандыру шарты (ЖМС) негізінде тіркеледі. Кейін шарт жасасқан мерзімі өткен жағдайда медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады. Жаңа ережелер осы жылдың 14 тамызынан бастап күшіне енді.
Қандай жағдайларда емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін?
- Жалған ақпарат берілген жағдайда;
- Жалпы практика дәрігеріне бекітілген халықтың саны 1,7 мың адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асып кеткен жағдайда;
- Бекітілетін тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, тіркеу науқаны емхананы ауыстырудың бір ғана мүмкіндігі емес. Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, бір айдан астам уақытқа қаладан тыс басқа жерге барса немесе ол орналасқан емхана қайта ұйымдастырылған немесе жойылған болса, т.б. емхана ауыстыруына болады.
Тіркеу науқанына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметтер базасына енген емдеу мекемелері ғана қатысады.
-->Қазіргі уақытта тұрғындар Астана қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 44 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 18-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.
Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Ол үшін емхана Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс. Биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрын тіркелген емханасында медициналық көмек ала береді. Жалпы, емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да сол клиниканың қызметін пайдалана берсе болады, - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.