Елордада қызылшаға қатысты эпиджағдай әлі де тұрақсыз
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елорданың эпидемиологиялық жағдайы және қызылша ауруын төмендету бойынша алдын алу шаралары туралы қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемованың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың сөзінше, елордада қызылшаға қатысты эпиджағдай тұрақты емес.
Бүгінде елордада қызылшаға қарсы 16 мың 447 адам екпе алған.
-->Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың сөзінше, елордада қызылшаға қатысты эпиджағдай тұрақты емес.
Елордада қызылша ауруына байланысты эпидемиологиялық жағдай қолайсыз. Бүгінде 731 адамнан қызылша расталды. Олардың 73 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді. Ал оның ішінде 430 жағдай 4 жасқа дейінгі балалар арасында байқалды. Егу жасына жетпеу себебінен 1 жасқа дейінгі балалар арасында 100 жағдай тіркеліп отыр,- деді бас санитар дәрігер.
Бүгінде елордада қызылшаға қарсы 16 мың 447 адам екпе алған.
Анықталғандай, науқас балалар мен жасөспірімдердің 93 пайызы әртүрлі себептермен екпе алмаған. Яғни науқастардың 55 пайызы вакцинанциядан өз еркімен бас тартқандар. Ал 25 пайызында медициналық қарсы көрсетілімдері бар. 18 пайызы егу жасына жетпегендер. Елордада 6 қараша күні жаппай қызылшаға қарсы егу жұмысы басталды. Нәтижесінде бүгінде 16 мың 447 адам екпе алды. Екпені тіркелген емхана бойынша тегін алуға болады, - деді Сархат Бейсенова.