Елордадағы «Байқоңыр» ауданында әлеуметтік нысандар салынады
Астанадағы «Байқоңыр» ауданында әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Абайұлы халықпен кездесу барысында айтты.
«Өндіріс» тұрғын алабында денсаулық сақтау бойынша жоба әзірленіп жатыр. Бұл – Өндіріс тасжолы мен С-638 көшесінің қиылысындағы дәрігерлік амбулаториялық кешеннің құрылысы. Аталмыш жоба сараптамаға 2026 жылдың ақпан айында енгізіледі», - деді аудан әкімі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан медициналық нысандар салу мәселесі көтерілді.