Денсаулық

Елордада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астана медицина университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай «Astana Medical Forum 2024: Болашақ медицинасы – ғылым, білім және практика интеграциясы» атты бірінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz

№2 көпбейінді балалар ауруханасында өткен конференцияда «Балалар жақ-бет хирургиясының қазіргі жағдайы, даму болашағы» тақырыбы талқыланды.

Медицинаның болашағы жайында құрылған жаһандық диалог алаңына әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші ғалымдар мен практиктер қатысты.

Екі күнге созылған ауқымды конференцияда клиникалық практиканы өзгертетін медицинадағы инновациялар, денсаулық сақтаудағы цифрлық дамыту трендтері, медициналық білім берудегі оқыту технологиялары мен инновацияларды дамытудың жаңа перспиктивалары, фармацевтикалық саланы дамытудың жаңа жолдары және тағы басқа өзекті тақырыптар талқыланды.