Денсаулық

Елімізге тіс емдету үшін 37 елдің азаматтары келіп жатыр

Бүгінде Қазақстанға тіс емдеу, пародонт тіндерін қалпына келтіру, денталдық имплантаттау және протездеу үшін АҚШ, Германия, Иран, Ресей және ТМД елдері сияқты 37 елдің азаматтары келіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл еліміздегі стоматологиялық көмектің жоғары сапасының айқын дәлелі.

«Қазақстанда стоматология – шетелдің алыс-жақын елдерінен медициналық туристерді тартатын ең қарқынды дамып жатқан медициналық салалардың бірі»,- деп жазылған хабарламада.