Елімізде қан донорларына берілетін төлемдер өсуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Сенат депутаттарының қазақстандық қан донорларына қолдау көрсету туралы өтінішіне жауап берді,,деп хабарлады Elorda.info.kz.
Өтінішті министр лауазымына тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының атынан сенатор болған Ақмарал Әлназарова жолдаған.
Вице-премьердің жауабында елімізде жыл сайын 250 мыңнан астам адам қан тапсырып, 380 адамға қан құйылғаны айтылған. Сондай-ақ 100 мыңнан астам адам донорлық қан трансфузиясын алған.
Оның айтуынша, донорларға төленетін өтемақыны арттыру үшін қосымша 848 млн теңгеге жуық қаражат қажет.
-->Өтінішті министр лауазымына тағайындалғанға дейін Қызылорда облысының атынан сенатор болған Ақмарал Әлназарова жолдаған.
Вице-премьердің жауабында елімізде жыл сайын 250 мыңнан астам адам қан тапсырып, 380 адамға қан құйылғаны айтылған. Сондай-ақ 100 мыңнан астам адам донорлық қан трансфузиясын алған.
Энергия шығындарын қалпына келтіру үшін донорларға 0,25 АЕК (923 теңге) көлемінде өтемақы төленеді. Есептеулерге сәйкес, энергия шығындарын қалпына келтіру үшін донорға құндылығы 4790 ккал болатын тағам қажет. Бұл ақшалай есептегенде 1,25 АЕК, - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, донорларға төленетін өтемақыны арттыру үшін қосымша 848 млн теңгеге жуық қаражат қажет.
Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі донорға берілетін ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін ұлғайту, донорларға төленетін төлем мөлшеріне қатысты ережелерге өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл ұсынысты республикалық бюджет комиссиясының қарауына жіберу жоспарланып жатыр, - деді вице-премьер. Еске салайық, 2024 жылы АЕК мөлшері 3 692 теңге. Демек, биыл 1,25 АЕК деген 4615 теңгеге тең. Сонымен қатар Тамара Дүйсенова қазіргі таңда 2009 жылдан кейін тоқтатылған «Құрметті донор» төсбелгісін қайта беру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның сөзінше, белгінің дизайны әзірленіп жатыр.