Денсаулық

Донорлықтың ашық жүйесі: Қазақстанда трансплантацияны үйлестіру қалай жүзеге асады

Донор болу процесі, яғни донор табылған сәттен бастап трансплантацияға дейінгі барлық кезеңді – Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық қадағалайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Донорды толық тексергеннен кейін барлық талдаулар мен көрсеткіштерді донорлар мен реципиенттердің медициналық ақпараттық жүйесіне енгіземіз. Бағдарлама деректерді автоматты түрде салыстырып, сәйкес келетін донорды анықтайды. Тиісінше, «таныстықпен» немесе біреудің қалауы бойынша ота жасау мүмкін емес. Соңғы сәтке дейін трансплантологтар реципиенттің кім болатынын білмейді», – деді ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының донорлық органдарды үйлестіру және бөлу департаментінің басшысы Қайрат Иманбаев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.