Денсаулық

ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

Даниялық өндіруші Bavarian Nordic A/S компаниясы маймыл шешегіне қарсы MVA-BN вакцинасын жасап шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталмыш вакцинаны мақұлдап, маймыл шешегіне қарсы алғашқы ем деп атады. 

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқандар араға 1 ай салып, екі дозада инъекция түрінде алуына болады. 

Бұл вакцина аурудың таралуын тежеп, алдын алады, - дейді.

Бұған дейін ДДҰ Африкадағы маймыл шешегінің індетін халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық эпидемиологиялық төтенше жағдай деп жариялады.