Денсаулық

«Дәрігерлер себебін анықтай алмады»: Жұлдыз Әбдікәрімова сырқаты жайлы айтты

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр жаз бойы ауруханада ем қабылдағанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Басымның қысып ауыратыны сонша, тіпті тыныс алудың өзі азап болды. Дәрігерлер себебін анықтай алмай, менімен бірге әбден қиналды. Басымды сан мәрте тексерістен өткіздік. Тасқа да, тауға да соқтық деген осы шығар», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сондай-ақ ол 2022 жылы алаяқтарға алданғанын, енді үйіне әлі қол жеткізе алмай жүргенін және осы мәселе бойынша сот процесі жалғасып жатқанын атап өткен.

Бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қатты қиналып жүргенін айтқан болатын.