Дәрігер болуды бала кезден армандадым – Роза Юнусова
Тістің тамақты шайнап жегеннен бөлек адамның бет-әлпетінде атқаратын қызметі көп, деп хабарлайды Elorda.info.
Тістің тамақты шайнап жегеннен бөлек адамның бет-әлпетінде атқаратын қызметі көп. Ол әдемі күлу мен дұрыс тыныс алу үшін маңызды рөл атқарады. Тіс күтімінің дұрыс болуы адамды түрлі аурудан да сақтайды. Бірақ, біз тісімізді қаншалықты дұрыс күтіп жүрміз? Брекет тағу мен тісті ағарту кезінде нені ескеру керек? Осы және басқа да сұрақтарымызға №11-ші қалалық емханасының тіс дәрігері Роза Юнусова жауап берді.
-Роза ханым, тіс дәрігері мамандығына қалай келдіңіз?
-Мен 1993 жылы Ташкент қаласында қазақ отбасында дүниеге келдім. 9 сыныпқа дейін сол жақта өзбек сыныбында оқып, Қазақстанда 10-11 сыныпты тәмамдадым. Бірақ, мектеп бітірген соң бірден оқуға түсу мүмкін болмады. Себебі, ол жылы ҰБТ тапсыра алмадым. Кейін 1 жыл дайындалып, Астанадағы Медицина университетіне стомотология мамандығына грантқа түстім. Балалық шақтағы арман ешқашан алдамайды екен. Кішкентай кезімде ойнап жүрген қуыршақтарыма екпе салып, емдеп жүргендей болатынмын. Сондықтан да мектеп бітірген соң медицна саласынында қызмет еткім келетінін нақты білдім. Кейін Астанадағы Медицина университетіне стомотология мамандығына грантқа түстім. Университетте 6 жыл білім алып, жұмысқа кірістім. Қазір қалалық №11-ші емханада тіс дәрігерімін.
- Маман ретінде айтыңызшы, қазір тіс ауруларының қай түрі жиі кездеседі?
-Адамның тісі қаншалықты сау болса, соншалықты жарқын күледі. Адамдар арасында кариес, яғни тіс жегісі ауруы кең тараған. Бірақ ол пайда болған кезде көбі бірден дәрігерге қаралмайды. Оның нақты ауру белгілері болмағандықтан, ол тек дәрігер тексерісі кезінде анықталып жатады. Асқынып кетсе, пульпит сосын периодонтитке айналады. Осылайша басқа тістерге зақым келеді. Емханада күніне алдын ала қабылдауға жазылған науқастардан бөлек, шұғыл көмек те көрсетіп жатамыз. Себебі, көбі тісі қақсап ауырып, мазасы кетіп, ұйқысы қашқанда ғана дәрігерге барады. Әсіресе, балалар көп келеді. Сондықтан да тіс ауруы асқынбай тұрып дәрігерге бару керек.
-Қоғамда «ақыл тіс шықса, ақылың кірді» деп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс пікір деп ойлайсыз?
-Тістер атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ақыл тіс шайнайтын тістер қатарына жатады. Ол ең соңғы шығатын тіс болғандықтан ауыз қуысында оған орын жетпей жатады. Ақыл тіс шамамен 17-25 жас аралығында шығады. Менің ойымша, қазақта жасөспірім шақтан ересек кезеңге өткен уақытты «ақылы кірді» деп айтады. Сол кезде бұл тіс шыққандықтан оны «ақыл тіс» деп айтады. Бұл тіс шыққанда адамда ауырсыну және мазасыздану сезімдері болады. Сол себепті үш немесе алты ай сайын тіс дәрігеріне қаралу керек. Егер ол тіске орын жетпейтін болса, алдын ала дәрігермен кеңесіп жұлдырып тастаған абзал.
-Қазір екінің бірі тіс қисықтығын түзеу үшін брекет салдырып жатыр. Оның пайдасы мен зияны туралы айтып беріңізші.
- Тіс адамның бет-әлпеті мен сөзінің анық шығуы кезінде де маңызды рөл атқарады. Тыныс алу кезінде тіс қисық болса онда дұрыс тыныс алу жүйесі бұзылады. Брекет тағу арқылы тіс қисықтығын түзетуге болады. Ол тіс ауруларының алдын алады. Дұрыс салынған брекет қызыл иектің ауруына жол бермейді. Брекет салу үшін білікті дәрігерді тапқан жөн. Емге барған кезде тек бір дәрігермен шектелмей, кем дегенде 2-3 дәрігерге барып, тексерістен өту керек. Брекет дұрыс тағылмаса, керсінше тіске зиян келтіреді. Сондай-ақ, брекет арқылы тістің тез түзелуі үшін уақытылы дәрігерге бару қажет. Ең бастысы тісті дұрыс тазалап жүру керек.
-Көбіне тістің түбіне тас жиналады. Оған қалай жол бермеу керек?
-Тісте тастың жиналуының 3 факторы бар. Ең бірінші ауыз қуысының гигенасын сақтамауы салдарынан болады. Тіс жиналса, жағымсыз иіс те шығады. Тамақ қалдықтары да тастың жиналуына алып келеді. Осы себептер тісте тастың жиналуына алып келеді.
-Тісті ағартатын әдістерді қолданған қаншалықты дұрыс?
Қазір тек тіс дәрігері ғана емес, түрлі сұлулық салондарында тісті ағарту қызметі бар. Егер қажетті болса мұндай қадамға баруға болады. Бірақ ол тіс эмалін зақымдайтыны да ескеру керекпіз. Ал тістің қабаты жұқсарса, ол ары қарай тіс ауруларына алып келеді. Сондықтан да бұл әдіске әуестенбеген абзал. Одан да тісті күніне жеткілікті түрде тазалап тұрған абзал. Тіс тазалығы барлық аурудың алдын алады деп айтуға болады.
-Қандай тіс пастасын қолдануға кеңес бересіз?
-Қазір нарықта түрлі тіс пасталары бар. Бұл жерде мәселе тіс пастасында емес, тісті күнделікті қалай тазалауда. Ал оны таңдағанда міндетті түрде құрамын қарау керек. Олардың құрамы мен тіске тигізер әсері де әртүрлі. Сондықтан да әркім өз қажеттілігіне қарай таңдайды. Бастысы тіс пастасының құрамы жақсы болуы керек. Тіс күтімін барлығы киын деп ойлайды. Таңертең және кешке 3 минут уақытты бөліп еріңбей тазалау қажет. Тәттіні де аз мөлшерде жеуге кеңес берер едім.
-Сұхбатыңызға рақмет!
-->Тістің тамақты шайнап жегеннен бөлек адамның бет-әлпетінде атқаратын қызметі көп. Ол әдемі күлу мен дұрыс тыныс алу үшін маңызды рөл атқарады. Тіс күтімінің дұрыс болуы адамды түрлі аурудан да сақтайды. Бірақ, біз тісімізді қаншалықты дұрыс күтіп жүрміз? Брекет тағу мен тісті ағарту кезінде нені ескеру керек? Осы және басқа да сұрақтарымызға №11-ші қалалық емханасының тіс дәрігері Роза Юнусова жауап берді.