Бибігүл Жексенбай: Қоғам дамуының басты діңгегі – халық денсаулығы
Кез келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін тек бір ғана статистикалық көрсеткіш – орташа өмір сүру ұзақтығы арқылы бағалауға болады. Қазақ КСРО дәуірінде, 1987 жылы біздің орташа өмір сүру ұзақтығымыз 69,3 жасты құрап, бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсіп отырды. Дегенмен, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезінде бұл көрсеткіш тұрақты түрде төмендеп, 1996 жылға қарай 64,1 жас болған екен. Тек 2011 жылы Қазақстан 1987 жылғы Қазақ КСР-інің көрсеткіштеріне 69 жаста жақындаған.
Адами капиталды дамытудың негізгі құрамдас бөлігі тиімді денсаулық сақтау жүйесі болып табылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында.
Ия, ұлт саулығы ойдағыдай қамтамасыз етілгенде ғана қоғам үйлесімді дамуы мүмкін.
Қазақстанда 2023 жылы медицина саласын қаржыландыру 2,5 трлн теңгеге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дамушы елдердің денсаулық сақтау саласына ішкі жалпы өнімнің 5-8% үлесі жұмсалуы қажеттігі туралы ұстанымына сәйкес, Мемлекет басшысының денсаулық сақтау шығындарының үлесін ЖІӨ-ден 5%-ға дейін ұлғайту туралы тапсырма бергені аян.
Биыл денсаулық сақтау шығындары жалпы ішкі өнімнің 3,7% құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2019 жылғы бұл көрсеткіш бар-жоғы 2,8% болатын.
2019 жылы медицина саласын қаржыландыру небәрі 1,3 трлн теңгені, 2021 жылы – 1,8 трлн теңгені, 2022 жылы – 2,2 трлн теңгені құрады, ал 2023 жылы 2,5 трлн теңгеге жетті. Медициналық саланы қаржыландырудың өсуі денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын ұлғайтып қана қоймай, медицина саласы қызметкерлерінің жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Тағы бір назар аударар фактор, Қазақстанда халықтың өсуі де бұл саланы қаржыландырудың ұлғаюына әсер берді.
Қазақстанның жері кең, елді мекендер арасындағы қашықтық айтарлықтай болғандықтан, медициналық қызмет көрсетудің түрлі заманауи тәсілдері пайданылуы тиіс. Қашықтан медициналық жәрдем көрсету, мобилді медициналық көмек, ауылдық жерлерде амбулаториялық мекемелер салу да Мемлекет басшысы баса назар аударған бағыттар.
Еліміздегі медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша биыл 78 денсаулық сақтау нысаны салынып, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту ұлттық жобасы шеңберінде – 47, сондай-ақ 80 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткен.
Бұл да болса, қаншама азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік.
Саланың созылмалы жеткіліксіз қаржыландырылуы сақтандырылған азаматтардың өздеріне де тиесілі медициналық қызмет көлемін алмауына алып келеді. Өркениетті елдерде медицина саласы тек бюджетке телміріп отырмай, инвестициялық табысты сала ретінде де есептеледі.
Мемлекет басшысы медицина – инвестициялық тартымды сала екендігіне, тек қолайлы жағдай жасау керектігіне де ерекше көңіл бөліп келеді.
Үкіметтің берген есебі бойынша. жеке инвестициялар есебінен денсаулық сақтау объектілерін салу және жарақтандыру бойынша жұмыстар белсенді қолға алынған.
Бастысы, қоғамымыздың созылмалы дерті – жемқорлықтан сауықтыру да басты назарда болу керек.
Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ
Сенат депутаты
-->Адами капиталды дамытудың негізгі құрамдас бөлігі тиімді денсаулық сақтау жүйесі болып табылады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында.
Мемлекет ұлт денсаулығын нығайтуға орасан зор күш салуда, нәтижесінде азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа дейін ұлғайды, бұл тарихымыздағы рекордтық көрсеткіш, - деді Президент.