Қазақстандықтар биыл емханаға 103 млн рет жүгінген
Жыл басынан бері қазақстандықтар емханаларға 103 млн-нан астам рет қаралған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда емханаға жүгіну көрсеткіші 7%-ға өскен. Емханалар деңгейінде дәрігерлерге қаралу саны – 81,3 млн, ал үйде пациенттерді қарау саны 7,5%-ға артып, 17,5 млн-ға жетті.
Ауыл тұрғындарының бастапқы медициналық ұйымдарға қаралу саны 3,8%-ға артып, 41,8 млн-ды, оның ішінде 9 млн-нан астамы үйде қаралуды құрады. Осылайша, егер жыл басында жалпы практика дәрігерлеріне өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігінің үлес салмағы 20% деңгейінде болса, онда 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 89,5%-ға жетті, арнайы мамандарға өзін-өзі жазуға арналған кестелердің қолжетімділігі 4%-дан 23,4%-ға дейін өсті, – делінген ДСМ хабарламасында.
Айта кетсек, министрлік тарапынан пациенттің қаралу бағыты оңтайландырылып, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылаудың нақты алгоритмі, талдаулардың тізімі анықталды, сондай-ақ пациенттерді динамикалық бақылаудың мультидисциплиналық тәсілі енгізілді.