Денсаулық

Қазақстандық әскери дәрігерлер Жапонияда дайындықтан өтті

The final spritzer

Қазақстандық мамандар жауынгерлік жарақаттар кезінде зақымданумен жұмыс істейтін хирургтарды оқыту үшін қолданылатын гибридті стимуляторлармен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Практикалық сабақтарда әскери дәрігерлер гибридті тренажер жасау әдістерін бірлесіп пысықтады, оны орнату және пайдалану тәртібін зерделеді.

Сапар аясында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері Орталық госпиталінің басшылығымен екіжақты кездесу өтіп, онда 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары талқыланды.

Енді әскери-далалық хирургия курсы аясында ҚР Қорғаныс министрлігі әскери медицина орталығының базасында әскери хирургтарды оқыту үшін гибридті симуляторларды енгізу мәселесі пысықталуда, - делінген хабарламада.