Елімізде 4 мыңға жуық науқас ағза донорына кезекте тұр
Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева, Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың қоғаммен байланыс маманы Жәнібек Успанов өткізген брифингте айтыды, деп хабарлады Elorda.info.
9 қазанда Қазақстан ағза донорларының тапшылығы мәселелерін көрсету және елімізде ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылады.
Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні медицинаның осы саласына адамдардың сенімін арттыру үшін 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол жыл сайын әртүрлі елдерде орган донорлығының қажеттілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ерікті және ақысыз донорлық қағидатын ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Қазақстандағы Орган доноры күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту мәселелеріне аудару және донорлықтың барлық аспектілері туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықпен бірлесе отырып, 7 қазанда, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 мекенжайы бойынша Ашық есік күні шарасын өткізеді.
Трансплантолог дәрігерлер 18 жастан асқан науқастарға трансплантация бойынша тегін кеңес береді, сондай-ақ қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығына ниет білдіру, Күту парағын құру және жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ туыстық ағза донорлығы мәселелері бойынша кеңестер береді.
Астанада республикалық іс-шаралармен қатар, мәселеге назар аудару үшін LED-экрандар мен автобус аялдамаларында, автобустарда орган доноры күніне арналған плакаттар мен бейнероликтерді орналастыруды қоса алғанда, бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ ұйымдастырушылар Ақбұлақ өзенінің жағасындағы «Өмір аллеясында» көшет отырғызу шарасын өткізді. Іс-шараға трансплантациядан кейін және күтудегі науқастар, трансплантолог дәрігерлер, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Астана қаласының трансплантациялық және донорлық ұйымдарда, басқа да медициналық мекемелерде, әлеуметтік желілерде және басқа да ресурстарда, ағза донорлығы мен трансплантация бойынша іс-шаралар өткізіліп, ақпараттық материалдар орналастырды. Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық сайтында Ағза доноры күні тақырыбында плакаттар, бейнероликтер, ақпараттық материалдар орналастырылады.
Органдар доноры күні Қазақстанның әрбір тұрғынын игі іс жасау мүмкіндігі туралы ойлануға және осы маңызды өмірді құтқару қозғалысының бір бөлігі болуға шақырады.
-->9 қазанда Қазақстан ағза донорларының тапшылығы мәселелерін көрсету және елімізде ағза донорлығы мен трансплантацияны дамытудың маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін Еуропалық ағза доноры күніне қосылады.
Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні медицинаның осы саласына адамдардың сенімін арттыру үшін 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол жыл сайын әртүрлі елдерде орган донорлығының қажеттілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ерікті және ақысыз донорлық қағидатын ілгерілету мақсатында өткізіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі. Соңғы көрсеткіш бойынша, Күту парағында 3 953 науқас бар, оның ішінде бүйрек, бауыр, өкпе, жүрек және «Жүрек-Өкпе» кешеніне мұқтаждар бар. Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлар бойынша статистика жеткіліксіз болып қалуда: 2022 жылы небәрі 4 мәйіттік донор 16 адамның өмірін сақтап қалды, - дейді Ж.Успанов.
Қазақстандағы Орган доноры күнінің басты мақсаты – қоғамның назарын қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту мәселелеріне аудару және донорлықтың барлық аспектілері туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықпен бірлесе отырып, 7 қазанда, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3 мекенжайы бойынша Ашық есік күні шарасын өткізеді.
Трансплантолог дәрігерлер 18 жастан асқан науқастарға трансплантация бойынша тегін кеңес береді, сондай-ақ қайтыс болғаннан кейін органдардың донорлығына ниет білдіру, Күту парағын құру және жүргізу мәселелері бойынша, сондай-ақ туыстық ағза донорлығы мәселелері бойынша кеңестер береді.
Айта кететін жайт, Астанада орган трансплантациясынан үмітті 536 науқас кезекте тұр. Бұл цифрлар Астана қаласы бойынша ағза донорлығын жедел түрде насихаттау және бұл әрекеттің маңыздылығы туралы ақпараттандырылған қоғам құру қажеттігін көрсетеді, - дейді Г.Досмырзаева.