Денсаулық

Ауылға жұмысқа баратын дәрігерлерге 8,5 млн теңге біржолғы төлем беріледі

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа баратын аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ақпараты бойынша, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға барған денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.