Денсаулық

Аутрич-жұмыстың көмегімен халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алу

Халықтың негізгі топтары (ХНТ) ‒ эпидемия түріне немесе жергілікті жағдайларға қарамастан, мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ жұқтыру қаупі жоғары әлеуметтік топтар. Бұл топқа ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕЖЕ), инъекциялық есірткі тұтынатындар (ИЕТ), секс қызметкерлері (СҚ) мен трансгендерлер кіреді.

ХНТ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу - қоғамның маңызды міндетінің бірі. Ол үшін Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы АИТВ-ның нақты көзін анықтағанына немесе таппағанына қарамастан, АИТВ-ның берілуін болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Орталық базасында негізгі топтарға арналған 4 сенім пункті (2 жылжымалы, 2 стационарлық), ЖЖБИ диагностикасы, емдеу және алдын алу үшін 2 Достық кабинет жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда 67 адам ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ топтарында мамандандырылған аутрич-жұмысқа тартылды. Сонымен қатар орталықтың медицина жұмыскерлері ХНТ арасында осындай профилактикалық және ақпараттық-білім беру жұмыстарын жүргізеді.

Зиянды азайту бағдарламасы аясында аутрич жұмыскерлері өздерінің клиенттеріне гигиена құралдарын, жеке қорғаныс құралдарын және шприцтерді тегін таратады. Сонымен қатар олар клиенттермен жеке әңгімелесу кезінде ақпараттық жұмыс жүргізеді, оларға АИТВ-инфекциясын, ЖЖБИ-ді, есірткіні тұтынудың зиянын, кездейсоқ жыныстық қатынастарды қалай алдын алу керектігін айтып, ақпараттық-білім беру буклеттерін таратады, жанасудан «кейінгі» және «дейінгі» профилактикадан өтуге жібереді. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін жұмыс. Аутрич-жұмыскердің функцияларын бұрынғы және белсенді ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ немесе жақын ортадағы адамдар атқарады. Олар қоршаған ортаны жақсы білетіндіктен, сенімді және бейресми стильде жұмыс істейді. Аутрич-жұмыскерлер АИТВ туралы білім деңгейін тұрақты негізде арттырып отыруы тестілеуден өтетін және өзінің АИТВ статусын білетін адамдар санының айтарлықтай өсуіне ықпал етеді. Аутрич жұмыс - негізгі топтар арасындағы АИТВ індетіне кешенді жауаптың ажырамас бөлігі.

Сондай-ақ АИТВ орталығының жұмыскерлерінен құрылған мобильді бригада аутрич-жұмыскерлермен бірлесіп, ХНТ жиналатын орындарға күндізгі және түнгі іс-шараларға шығады. Көшпелі іс-шаралар негізгі топтардың өкілдерін барынша тартуға және одан әрі жұмыс істеу үшін олармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Аутрич-жұмыскерлер мен Сенім пункттерінің жұмыскерлерінің арқасында 2025 жылдың 3 айында профилактикалық бағдарламамен ИЕТ-тің 32%-ы, СҚ-ның 25,7%-ы және ЕЖЕ-нің 17,5%-ын қамтыды.

Осындай профилактикалық жұмыстар АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын болдырмайды және ХНТ арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

 

Астана қаласы әкімдігінің

«АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы»

алдын алу бөлімі

эпидемиологының көмекшісі В.А. Булашева