Астанада қызылша ауруы бойынша эпиджағдай тұрақты емес
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың басшысы Әлия Рүстемова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес деп бағалануда. Биыл ең алғашқы жағдай наурыз айында тіркелген және осы кезеңнен бастап қызылшаға күдікті 1 119 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 848 жағдай, яғни 75,8%.
1 қарашадағы көрсеткіштерге сәйкес, қызылша ауруы 511 науқаста расталса, оның ішінде ересектер арасында 17,4%, яғни 89 жағдай. 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 14 жағдай, яғни 2,7%. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 408 жағдай тіркелді, яғни 79,8% құрайды. Оның ішінде ең көп жағдай төрт жасқа дейінгі балаларға тиесілі, 325 жағдай немесе 63,6%. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы екпе алғандар тек 4,5% құрады. Вакцина алмағандардың үлес салмағы 82,2%, оның ішінде вакцинациядан өз еркімен бас тарту себебі бойынша 43%, медициналық қарсы көрсетілімі бойынша 21% және ересектердің 18,2% вакцинация туралы деректердің жоқ болуы.
Елордада аурудың өршуі 2019 жылы болған және осы инфекцияға қарсы вакцинацияның арқасында қызылша ауруының көрсетілімі 2021-2022 жылдары төмендеген.
6 қарашадан бастап 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күндік балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізуді бастау жоспарлануда.
6-7 жастағы балалардың қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы ревакцинациямен қамтылуы 78,8% құрады, нысаналы топтағы 21 653 баланың 17 072 егілді. Аурушаңдық 96% вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелген және егу мәртебесі белгісіз ересектер 17%.
Айта кетейік, балалардың қызылшамен сырқаттанушылығының өсуіне байланысты №3 МГДБ төсек қоры 500 төсекке дейін, оның ішінде реанимациялық төсек орын 20-ға дейін көбейтілді. Қазан айының басынан бастап Қалалық жұқпалы аурулар орталығында орташа ауыр және ауыр дәрежедегі қызылшамен ауыратын ересек науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 100 төсек орналастырылды, резервте тағы 100 ересек төсек бар.
-->Елордада қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес деп бағалануда. Биыл ең алғашқы жағдай наурыз айында тіркелген және осы кезеңнен бастап қызылшаға күдікті 1 119 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 848 жағдай, яғни 75,8%.
1 қарашадағы көрсеткіштерге сәйкес, қызылша ауруы 511 науқаста расталса, оның ішінде ересектер арасында 17,4%, яғни 89 жағдай. 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 14 жағдай, яғни 2,7%. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 408 жағдай тіркелді, яғни 79,8% құрайды. Оның ішінде ең көп жағдай төрт жасқа дейінгі балаларға тиесілі, 325 жағдай немесе 63,6%. Науқастардың ішінде қызылшаға қарсы екпе алғандар тек 4,5% құрады. Вакцина алмағандардың үлес салмағы 82,2%, оның ішінде вакцинациядан өз еркімен бас тарту себебі бойынша 43%, медициналық қарсы көрсетілімі бойынша 21% және ересектердің 18,2% вакцинация туралы деректердің жоқ болуы.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы екпе екі рет жүргізіледі. Ол 1 жаста және 6 жаста. Қызылша өте жұқпалы ауру және ұжымда, оның ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, жоғары оқу орындарында тіркеген кезде, ол вакцинацияланбағандар арасында тез таралуы мүмкін, өткен кезеңде ұйымдасқан ұжымдарда 52 МДБМ 93 расталған жағдай, оның ішінде 14 балабақшада 2-ден 9-ға дейін жағдай, қалғандарында бір жағдай тіркелді,- дейді Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Елордада аурудың өршуі 2019 жылы болған және осы инфекцияға қарсы вакцинацияның арқасында қызылша ауруының көрсетілімі 2021-2022 жылдары төмендеген.
Қызылшамен ауыру үшін науқаспен тығыз байланыста болу қажет емес, өйткені вирус жөтелгенде және түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады. Бұл инфекция 100% сезімталдықпен сипатталады. Қызылшаға шамалы күдік болса, дереу дәрігермен кеңесу керек. Бұл ерте диагноз қою, емдеуді бастау және науқас қатысқан ұжымда эпидемияға қарсы шаралар қабылдау үшін маңызды. Вакцинацияланбаған, қызылшаға қарсы егу немесе өткен ауру туралы нақты мәліметтері жоқ барлық адамдар иммундаудан өтуі керек, - дейді С.Бейсенова.
6 қарашадан бастап 6 айдан 10 айға дейінгі 29 күндік балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізуді бастау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша қызылша ауруының жағдайы тұрақты емес. Осы жылдың ақпан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін 1 496 науқас стационарлық ем қабылдады. Оның ішіндегі 1 227 науқас 18 жасқа дейінгі балалар. 3 қарашадағы жағдай бойынша 261 пациент стационарлық емделуде, оның ішінде 183 бала. 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елордада қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту - 77,5% құрады, 22 245 бала егілді, оның ішінде 2 жасқа дейінгі балалар - 18 690, - дейді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың басшысы Ә.Рүстемова.