Денсаулық

Астанада тұмауға қарсы вакцинация басталды

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинацияның басталуы туралы брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Брифингті Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева, «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина өткізді.

2023-2024 жылдардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 28 қыркүйектен басталды. Маусымның бірінші аптасында елорда тұрғындары арасында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 12 876 жағдайы тіркелді. Өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңінде 7 146 жағдай тіркелді. Қарқынды көрсеткіштерді 100 мың тұрғынға шаққан кезде осы маусымда сырқаттанушылық өткен эпидемиологиялық маусымның көрсеткішінен 1,8 есе немесе 44%-ға жоғары.

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – ауа-тамшылы жолмен таралатын, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикация белгілерімен және тыныс алу жолдарының әртүрлі бөлімдерінің зақымдалуымен жүретін және әртүрлі вирустармен шақырылатын топ ауру. 

Барлық топ ЖРВИ-ға тән ортақ белгілер бар. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы енеді. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді, сондықтан ауруды респираторлық вирусты аурулар деп атайды, ЖРВИ жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.

Тұмаудың маусымдық иммунопрофилактикасын эпидемиялық маусым басталғанға дейін 2-3 аптадан кешіктірмей аяқтау ұсынылады, яғни – қыркүйек-қазан айлары.

Балаларда тұмауға қарсы вакцинациялау балаларда жедел отит, синусит, ауыр пневмония даму қаупін төмендететіні дәлелденді, яғни ЖРВИ асқыну ықтималдығын азайтады.

-->

Астана қаласының 8 медициналық ұйымының №5, 7, 8 емханалар, «Шипагер» ООК, №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, Көпбейінді медициналық орталық және №3 көпбейінді қалалық ауруханасы базасында тұмауды бақылаушы эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау қамтамасыз етілетінін атап өтемін. Олар бір жыл ішінде тұмауға ұқсас науқастардан іріктеп сынама алады. Ал анықталған оң нәтижелі вирустарды генетикалық зерттеуден өткізеді (реттілік-секвенирование). Бұл мақсатты топтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жалпы популяция туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді , - дейді Жанна Пірәлиева. 

Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – ауа-тамшылы жолмен таралатын, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикация белгілерімен және тыныс алу жолдарының әртүрлі бөлімдерінің зақымдалуымен жүретін және әртүрлі вирустармен шақырылатын топ ауру. 

Барлық топ ЖРВИ-ға тән ортақ белгілер бар. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен – тыныс алу ағзалары арқылы енеді. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді, сондықтан ауруды респираторлық вирусты аурулар деп атайды, ЖРВИ жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады.

Ауыр түрде және асқынулармен өтетін грипп – тұмау ауруы. Сондықтан да, бұл ауруға қарсы вакцинация бар. Ол ұлттық күнтізбеге енбеген, бірақ емханаларда арнайы қауіп тобы категориясындағы адамдарға жасалады. Тұмау ауруынан неліктен қорқамыз, себебі ол орталық нерв жүйесі жағынан асқынулар және өлім  жағдайларына дейін алып келуі мүмкін. Әсіресе, асқынулар – фондық аурулары бар балаларда тіркеледі. Ол – ДЦП, ауыр белок-энергетикалық жетіспеушілік, анемия, әртүрлі операциядан кейінгі жағдайлар, цитомегаловирусты инфекциялар, иммунодефицитті жағдайлар, - дейді Баян Тұрдалина.

Тұмаудың маусымдық иммунопрофилактикасын эпидемиялық маусым басталғанға дейін 2-3 аптадан кешіктірмей аяқтау ұсынылады, яғни – қыркүйек-қазан айлары.

Балаларда тұмауға қарсы вакцинациялау балаларда жедел отит, синусит, ауыр пневмония даму қаупін төмендететіні дәлелденді, яғни ЖРВИ асқыну ықтималдығын азайтады.

Вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты тұмауға қарсы вакцина алмаған адамдарды кешіктірмей тездетіп вакцина алуға және тұрғылықты жері бойынша емханаларға жүгінуге кеңес беремін. Ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары өздеріңіз басқарып отырған еңбек ұжымдарын иммундық қорғанысты уақытылы алуын назарда ұстауларыңызды сұраймын. Себебі, тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтылы вакцинациялау екенін атап өткім келеді. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда тек осы жылғы вакцинамен алу керек, - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева.