Астанада дәрігерлер 5 науқасқа алғаш рет робот-ассистент көмегімен ота жасады
Елордада академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері 5 пациентке өз келісімдері бойынша робот-ассистент көмегімен ерекше ота жасады, деп хабарлады Elorda.info «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалына сілтеме жасап.
Құны 2 млн.теңгеден асатын аталған ота пациентке МӘМС жүйесінде жасалды.
Робот көмегімен ота жасалған науқастардың бірі - Раушан Мақанова. Науқасқа робот-ассистенттің қатысуымен ота бір күн бұрын жасалған.
Эндопротез орнатылған пациенттер қазір оңалтудың 1-кезеңінен өтуде. Бір жарым айдан кейін екінші оңалтудан өтуге қайта келеді немесе тұрғылықты жерінен өтеді. Оңалту құны – 380 мың теңге, ал ота құны – 2 млн теңге шамасында. Ота да, оңалту шаралары да пациенттерге МӘМС жүйесінде жүргізіледі.
Айтып өтейік, жыл басынан бері тізе және жамбас буындарын ауыстыру бойынша елорда дәрігерлері 35,2 млн. теңге сомасына осындай операциялар жасады.
-->Құны 2 млн.теңгеден асатын аталған ота пациентке МӘМС жүйесінде жасалды.
Жақында біз робот-ассистент көмегімен тізе буынын толық ауыстыру бойынша оталар жасадық. Робот – біздің қай жерде екенімізді тауып қана қоймай, аспаптың орнын адам дәл көре алмайтын бір миллиметрге, бір градусқа дейінгі дәлдікпен түзете алатын ақылды құрал. Нәтижелер жақсы. Пациенттеріміз қазірдің өзінде белсенді қозғала бастады. Балдақ көмегімен өздері жүреді. Отаға дейін жүріп-тұрулары қиын болды. Қазір отадан кейін ешқандай шектелу жоқ, буындары бүгіліп-жазылады, толық қозғалады. Тізе буынын эндопротездеу құны шамамен 2 млн.теңге, оған инмплант, ота, төсек-орын, наркоз, қажетті барлық тексерулер мен емдеу ақысы кіреді. Барлық ота пациенттерге ақысыз МӘМС жүйесінде жасалды, - дейді Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығының №7 бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері Жұмахан Сламов.
Робот көмегімен ота жасалған науқастардың бірі - Раушан Мақанова. Науқасқа робот-ассистенттің қатысуымен ота бір күн бұрын жасалған.
Менің сол жақ тіземде IV дәрежелі артроз болды. Қозғалуым қиын болды, жүргенде аяғым, тізем қатты ауыратын. Клиникаға түскенімде отаның робот-ассистент көмегімен жасалатынын айтты, келісім бердім. Қазірдің өзінде жақсы сезінемін. МӘМС жүйесінің арқасында ақысыз ем алып жатырмын. Ота жасаған дәрігерлерге де алғысым шексіз. Енді толыққанды өмір сүре аламын деп үміттенемін, - дейді Раушан Мақанова.