Астанада балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау басталды
Астанада 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізіле бастады, деп хабарлады Elorda.info.
Екпе алу үшін қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. ҚЖИ (қосымша жаппай иммундау) үшін егу кабинеттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Иммундау жүргізілмес бұрын дәрігер пациентпен қызылшаның алдын алуы бойынша ақпаратпен, екпеден кейін болуы мүмкін ағзадағы реакциялар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізеді.
-->Екпе алу үшін қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. ҚЖИ (қосымша жаппай иммундау) үшін егу кабинеттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Иммундау жүргізілмес бұрын дәрігер пациентпен қызылшаның алдын алуы бойынша ақпаратпен, екпеден кейін болуы мүмкін ағзадағы реакциялар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізеді.
ҚЖИ – қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қажеттілігі елімізде және Астана қаласында қызылшамен сырқаттанушылардың өсуіне байланысты туындап отыр. Науқастардың көпшілігі жас балалар.
Вакцинамен басқарылатын қызылша инфекциясының таралуы екпе алмаған балалардың көбеюіне байланысты болып отыр.
Мұның себебі ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы, негізсіз медициналық шеттетулер, егілу мерзімін кейінге қалдыру. Қызылша инфекциясынан қорғалмағандар – 6 айдан 11 айға дейінгі кішкентай балалар. Бұл жастағы балаларды омырау сүтімен берілетін аналық иммунитет қорғамайды және дәл осы балалар екпе жасына әлі жетпеген. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады.
Балаларымызды қорғаудың және қызылшаның таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – вакцинация, - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.