Денсаулық

Астанада балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеген

Бүгінгі таңда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 380 бала емделіп жатыр. Олардың арасында 56 бала қызылшадан, 4 бала көкжөтелден және 4 бала А вирустық гепатиті бойынша ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомство өкілінің айтуынша, балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеуде. Мәселен, егер сырқаттанушылықтың өршуі уақытында – күзгі және қысқы кезеңде қызылшамен 200-ге жуық бала түссе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 4 есе төмендеді.

-->

Ведомство өкілінің айтуынша, балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылық төмендеуде. Мәселен, егер сырқаттанушылықтың өршуі уақытында – күзгі және қысқы кезеңде қызылшамен 200-ге жуық бала түссе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 4 есе төмендеді.

Қызылшамен де, көкжөтелмен де сырқаттанушылықтың себебі – халықтың дер кезінде вакцина қабылдамауынан. Айта кету керек, ауруханаға түскен балалардың 95%-дан астамы вакцинацияланбаған балалар. Бұл көрсеткіштер аурудың алдын алуда халықты жұқпалы ауруларға қарсы иммундаудың маңызды рөл атқаратындығының дәлелі болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) және қызылша ауруларына медициналық көмек көрсету үшін емханаларда сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс күндері және демалыс күндері сүзгі кабинеттері жұмыс істейді. Сондықтан сіздер тек стационардың қабылдау бөлмесіне ғана емес, сонымен қатар тіркелген жеріңіздегі емханаға да жүгіне аласыз.

Сондай-ақ, ұлттық күнтізбе бойынша вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы жоспарлы вакцинация жүргізіледі, екпе кабинеттері жұмыс күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жазылусыз жұмыс істейді. Өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтауға, сондай-ақ қызылша ауруының алдын алу үшін вакцина алуға шақырамыз, - дейді Гүлназ Досмырзаева.