Денсаулық

Астанада АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ-ге қайда тексеріледі

Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Алдын алу бөлімінің меңгерушісі У.Сәулебаев Сенім пункттері мен Достық кабинеттерінің жұмысы жайлы баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бірнеше жыл бойы Астана қаласында жыныстық қатынас нәтижесінде АИТВ-инфекциясы жағдайларының көбеюінің тұрақты үрдісі байқалды. Осыған байланысты АИТВ-инфекциясының алдын алу: инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар (ИЕТА), секс жұмыскерлері (СЖ) және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер (ЕЖЕ) арасында өзекті. 

Адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) берілу жолдары және оны қорғау әдістері туралы толық ақпаратқа қарамастан, эпидемия қарқыны төмендемей тұр.

Негізгі топтар үшін АИТВ орталығы жанындағы жылжымалы және стационарлық арнайы құрылған Сенім пункттері мен Достық кабинеттері жұмыс істейді. Сенім пункті – халықтың негізгі топтрына профилактикалық қызметтерді анонимдік, еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде ұсынады. Сондай-ақ «тепе-теңдік» қағидаты бойынша халықтың негізгі топтары: ИЕТА, СЖ, ЕЖЕ қатарынан құрылған аутрич-жұмыскерлер волонтерлік негізде жұмыс істейді. Алдын алу жұмыстрына АИТВ орталығының 16 аутричі, Халықты жұмыспен қамту орталығының 2 аутричі және ҮЕҰ-ның 56 аутричі тартылды. 

Аутрич-жұмыс – нысаналы топ үшін таныс жағдайларда мекеме қабырғасынан, кеңседен тыс жүргізілетін жабық әлеуметтік топтарды қамтуға арналған профилактикалық іс-шара. Ол тек қана мүшеқаптарды немесе шприцтерді мүмкіндігінше көп адамға беру ғана емес, сонымен қатар қолжетімді ақпарат беру және достық қарым-қатынас орнату. Негізгі топтармен өзара іс-қимыл әдісімен аутрич-жұмыскерлер өз клиенттерін АИТВ-ға, ЖЖБИ-ге, жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактикаға және басқа да қызметтерге диагностикадан өту үшін Сенім пункттері мен Достық кабинеттеріне жолдайды.

АИТВ дәрежесі оң адаммен гетеросексуалдық немесе гомосексуалдық жыныстық қатынасқа түскен кезде инфекцияның алдын алудың бір ғана жолы мүшеқапты қолдану, инъекциялық есірткі қолданатын адамдарда – тәуелділікті емдеу, бір рет қолданылатын инелер мен шприцтерді қолдану екендігін айта кеткен жөн.

Сенім пункттеріне халықтың негізгі топтары ғана емес, сонымен қатар негізгі топтардан АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін өзін және айналасындағыларды туыс және жақын адамдарын қорғау мақсатында адамдар ай сайын жеке қорғаныс құралдарын: бір рет қолданылатын шприцтерді, мүшеқаптарды, лубриканттарды алды. Бұған қоса АИТВ орталығының қызметкерлерінен құрылған мобильді бригада аутрич-жұмыскерлермен бірлесіп ХНТ жиналатын орындарға күндізгі және түнгі рейдтерге шығады. Осындай кәсіби іс-шаралар мүмкіндігінше негізгі топтардың басым өкілдерін қамтуға, олардың арасында АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алуға, оларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын сіңіруге және одан әрі жұмыс істеу үшін олармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ халықтың негізгі топтары арасында сенім пункттерінің мамандары жыл сайын мемлекеттік тапсырма бойынша халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының таралуына, АИТВ-инфекциясының, вирустық гепатит пен мерездің таралуына қауіп факторларын зерделеу үшін биоқауіпсіздік зерттеуін жүргізеді.

Біздің орталық халықтың негізгі топтарының арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен айналысады. АИТВ орталығының базасында АИТВ және ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша аутрич-жұмыскерлердің білімі мен кәсіби тәжірибесін арттыру бойынша семинар-тренингтер үнемі өткізіледі. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, олардың туыстары, жақындары және тәуекел тобына кіретін адамдар (секс-жұмыскерлері, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар және т.б.) тегін және жасырын түрде ақпараттық, психологиялық және заңгерлік кеңес пен емдеу мекемелері мен әлеуметтік қызметтер бойынша сүйемелдеу алады. Негізгі топтардың арасында тұрақты түрде шағын сессиялар өткізіледі.

Әрбір адам АИТВ орталығына жүгіне алады. Сенім пункттері мен Достық кабинеттері Есенберлин көшесі, 5/1 мекенжайы бойынша АИТВ орталығына, сондай-ақ Брусиловкий көшесі, 4 мекенжайы бойынша (жұмыс уақыты сағат 8.30-дан 16.42-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері – демалыс) орналасқан. Осы жерде Сіз АИТВ-инфекциясы мен ЖЖБИ-ге тексеріліп, жеке қорғаныс құралдары мен алдын алу шаралары бойынша кеңес алуға болады. Сондай-ақ АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат kazaids.kz сайттында қолжетімді.