Асхат Аймағамбетов: МӘМС бойынша шешілмеген сұрақтар әлі де көп
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов МӘМС төңірегіндегі түйткілдерге тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«МӘМС бойынша әлі шешілмеген сұрақтар көп. 3,5 млн. МӘМС-пен қамтылмаған азаматтар, сапалы медициналық көмекке қолжетімділік, реттелмеген тарифтер проблемалары. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы арнайы тоқталып, тиісті тапсырмаларды берді.
Тағы бір үлкен сұрақ – жүздеген мың азаматтық қызметкерлердің жалақысының төмендігі мен 500 мың мүгедектігі бар жандардың, бүгінгі нарық пен бағаларға сай келмейтін жәрдемақы мәселесін де болашақта шешуіміз қажет», - деді депутат.
Ол, сондай-ақ, Президенттің Ұлттық Құрылтайда «Адал азамат» пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өткенін, енді мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет екенін айтты.