Ғалымдар безеуге қарсы вакцина ойлап тапты
Француз ғалымдары әлемде алғаш болып безеуге қарсы вакцина ойлап тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Live Science басылымының мәліметінше, препарат иммундық жүйені тері ауруларын тудыратын бактериялардан қорғайды.
Қазір вакцинаға клиникалық зерттеу жүріп жатыр. Сынақ жұмыстары 2027 жылға дейін жалғасады.
Оған 18 бен 45 жас аралығындағы ем қабылдап жүрген 400-ге жуық ерікті қатысады. Олардың жартысына вакцина, қалғанына плацебо сияқты препараттар егіледі.