Денсаулық

АИТВ кезіндегі оппортунистік инфекциялардың алдын алу

Оппортунистік инфекциялар (ОИ) – иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда дамитын жұқпалы аурулар. ОИ дамуының басты себебі: иммундық жүйе сау болғанда (оппортунистік микрофлора) ауру туғызбайтын жағдайлардағы микроорганизмдер.

Бүгінде көптеген ОИ антиретровирустық терапия (АРТ) басталғанға дейінгі жағдаймен салыстырғанда сирек кездеседі, бұл ОИ жиілігінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп қана қоймай, олардың ағымын айтарлықтай өзгертті.

          Оппортунистік инфекциялар дегеніміз не?

АИТВ-ның өзі ауруға немесе өлімдге әкелмейді, қауіп иммундық жүйенің әлсіреуі аясында дамитын аурулардан туындайды. Егер АИТВ-мен өмір сүретін адамтар АРТ-ны қабылдамаса, АИТВ бірнеше жыл ішінде көптеген CD4 лимфоциттерін біртіндеп бұзғандықтан ағза оларды қалпына келтіре алмайтын дәрежеге жетеді.  Уақыт өте келе иммундық жүйе адамды тиімді қорғай алмай, соның салдарынан АИТВ-сы бар (АИТВ-мен өмір сүретін) адамдар әртүрлі жұқпалы ауруларға тап болады.

АИТВ-мен ауыратын адамдардағы ерекше жұқпалы аурулар оппортунистік инфекциялар (ОИ) деп аталады.

          Оппортунистік инфекциялар қаншалықты жиі дамиды?

АИТВ-инфекциясы созылмалы инфекция болғандықтан, пациенттердің көпшілігінде АИТВ-инфекциясынан бірнеше жыл өткен соң ОИ пайда болады.

АРТ-ны қабылдамаған жағдайда, АИТВ-мен ауыратын барлық адамдарда оппортунистік инфекциялар дамитын болады, алайда ОИ белгілері мен көріну уақыты пациенттер арасында әр түрлі болады.

ОИ-ды иммунитеттің айқын төмендеуімен ғана пайда болады ортақ нәре біріктіреді. Дені сау адамда немесе иммунитеті жақсы АИТВ жұқтырған адамда аталған ауру пайда болмайды немесе жеңіл түрде өтеді.

          CD4 лимфоциттер саны дегеніміз не?

CD4 лимфоциттерінің саны - бір микролитр қандағы (жасушалар/мкл) CD4 лимфоциттерінің саны. Әдетте АИТВ-инфнециясын жұқтырмаған ересектер үшін CD4 лимфоциттерінің саны шамамен 500-ден 1200 жасушаға/мкл.

CD4 лимфоциттерінің саны 350 жасушадан/мкл-ден аз болған кезде денсаулыққа қатысты проблемалар: жиі суық тию, кандидоз (ауыз қуысының кандидозы, жыныс мүшелері), теміретке, өкпе туберкулезі және т. б. басталуы мүмкін.  CD4 лимфоциттерінің деңгейі 200 жасушадан/мкл-ден аз төмендеген кезде өмірге қауіп төндіретін инфекциялардың – пневмония, сепсис, токсоплазмоздың даму қаупі артады, оларды емдеу қиынға соғады.

Оппортунистік инфекциялардың қандай көріністері АИТВ-мен ауыратын адамдарды жиі мазалайды?

  • Тұрақты әлсіздік, шаршау, шаршаудың жоғарылауы;
  • Лимфа түйіндерінің ісінуі;
  • Дене салмағының жоғалуы (арықтау);
  • Ұзақ уақыт бойындағы қызба (дене температурасының жоғарылауы);
  • Түнгі уақытта терлеу;
  • Тұрақты бас ауруы;
  • Жөтел және ентігу (тыныс алудың қиындауы);
  • Ұзақ мерзімді диарея (іштің өтуі);
  • Стоматит (ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы және жаралары);
  • ЛОР мүшелерінің (тамақ ауруы, отит, синусит) аурулары;
  • Терінің зақымдануы (герпес, шингл, тырнақ саңырауқұлақтары).        

Оппортунистік инфекциялардың дамуын қалай болдырмауға болады?

АИТВ-мен өмір сүретін пациенттерге емдеуші дәрігерге үнемі және уақтылы баруы(3 айда кемінде 1 рет), сондай-ақ ОИ көрінісі болуы мүмкін жаңа белгілер: жоғары температура, нәжістегі қан, ұзаққа созылған диарея, тыныс алудың қиындауы, көру қабілетінің нашарлауы, ауыз қуысындағы жаралар пайда болған кезде дәрігерге қаралуы керек.

АИТВ-мен өмір сүретін әйелдері үшін гинекологиялық тексеруден үнемі (жылына кемінде 1 рет) өту маңызды.

Егер АИТВ-мен өмір сүретін отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалса (тұмау, суық тию, ішек инфекциясы), онда сырқаттанған адамды оқшаулап, онымен қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеп, қолды жиі жуу қажет.

Мүмкіндігінше туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдармен байланыста болудан аулақ болу қажет.

Шикі балық пен жұмыртқаны, нашар пісірілген ет немесе құс етін жеуге, қайнатылмаған сүтті ішуге кеңес берілмейді, өйткені оларда қауіпті микробтар болуы мүмкін. Жемістер мен көкөністерді, әрине, қолды мұқият жуу қажет. Ішек инфекцияларының алдын алу үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішкен жөн.

Астана қаласы «АИТВ-инфекциясының 

алдын алу орталығы» МКҚК

инфекционист дәрігері А.А. Қасибаева