«Адамдар түсіне бермейді...»: Елордалық фельдшер мамандығының ерекшелігі туралы айтты
Адам өмірінде аяқастынан жүрек талмасы, қан қысымының көтерілуі немесе әртүрлі жарақаттар алу жағдайлары болмай тұрмайды. Мұндай сәтте әр минуттың өзі адамның өмірін сақтап қалуға әсерін тигізуі мүмкін. Шыбын жанын шырқыратқан сырқат ең бірінші еске жедел жәрдемді түсіреді. Көмек сұрап шақырғандарға күн-түн демей, ыстық-суыққа қарамай аттанатын дәрігерлер көптің алғысын алып жүр. 28 сәуір – елімізде ждел жәрдем қызметкерлерінің күні. Осы орайда Elorda.info тілшісі жедел жәрдем қызметінде үздіксіз тер төгіп келе жатқан Жақсылық Жарасовпен кездесіп, білікті маманмен сұхбат құрған болатын.
Астанада жедел жәрдем стансасы күніне шамамен 4000 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Ахмет Жұбанов көшесі бойында орналасқан Байқоңыр ауданының жедел жәрдем стансасына қала тұрғындары сәт сайын хабарласады. Жедел көмектен бөлек, телефон арқылы тиісті мамандардан дәрігерлік кеңес алу үшін де жүгінетіндер көп. Ал тәулік бойы жедел көмек беруге шығатын арнаулы бригада тобы сақадай-сай болады.
«Шақыртулардың көбі кешкі сағат 18.00- 20.00 аралығында түседі. Қазір күн жылынды, жаңа шыққан көк пен шаңнан аллергиясы бар жандар жиі хабарласады» дейді қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшер маманы Жақсылық Жарасов. Ол өз есімін мамандығымен тағыз байланысты екенін айтады.
25 жастағы білікті маман жәдел жәрдем сапында қызмет етіп жүріп, басынан кешірген бірқатар оқиғаны еске алды.
Кейіпкеріміз «Жедел жәрдем келгенше...» деген пікірге келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, шынымен ауырып жатқан науқас мұндай пікірде болмайды-мыс.
Негізі, жедел жәрдем шақыртуларға санатына сәйкес жіберіледі. Егер науқастың ауруы қауіпті болса, шақырту 1-санатқа жатады. Мұндайда бригада 10 минутта жетуі тиіс. Ал науқастың өміріне медициналық көмексіз қауіп төну жағдайы 2-санатқа жатқызылады. Мұндай кезде жедел жәрдем қызметкерлері 15 минутта келуі міндетті. Сондай-ақ медициналық көмексіз денсаулығына зиян келсе, ол 3-санатты шақыртуға жатады. Мұндай жағдайда бригада 30 минут аралығында жетеді. Ал науқастың өміріне де, денсаулығына да қауіп төндірмейтін дерт 4-санатқа жатады. Оған 1 сағат аралығында баруға болады.
Жақсылық Жарасовтың алғашқы еңбек жолы коронавирус дерті өршіп тұрғанда басталған. Сын сағатта жас маман болған ол, тәулігіне 35 шақыртуға дейін барған. Кейде демалып, ас ішетін уақыт та болмағанын айтады.
Білікті фельдшер болашақта жедел жәрдемде жұмыс істеймін деген адам алдымен өз-өзіне жауапкершілік алуы керек деп есептейді.
Байқоңыр ауданы бойынша жедел жәрдем стансасының медқызметкерлері күніне 400-ге жуық шақыртуға барады. Тәулік негізде 15 бригада жұмыс істейді. Таңғы 10.00-ден түскі 14.00-ге дейін және кешкі 18.00-ден 20.00- дейін шақыртулар саны 30 пайызға артады.
Ет пен сүйектен жаралған соң сырқаттанбай тұрмайтының белгілі. Мұндайда емхана жақын болса, бағыңның жанғаны, керісінше қашықтау болса, әлсіреген ағзаңды әуреге салуың әбден мүмкін. Мұндайда жедел жәрдемнің көмегі қашан да қажет. Уақытпен санаспай, науқастың көңілінен шығып жүрген абзал жандардың еңбегі шынымен де өлшеусіз.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Адам өмірінде аяқастынан жүрек талмасы, қан қысымының көтерілуі немесе әртүрлі жарақаттар алу жағдайлары болмай тұрмайды. Мұндай сәтте әр минуттың өзі адамның өмірін сақтап қалуға әсерін тигізуі мүмкін. Шыбын жанын шырқыратқан сырқат ең бірінші еске жедел жәрдемді түсіреді. Көмек сұрап шақырғандарға күн-түн демей, ыстық-суыққа қарамай аттанатын дәрігерлер көптің алғысын алып жүр. 28 сәуір – елімізде ждел жәрдем қызметкерлерінің күні. Осы орайда Elorda.info тілшісі жедел жәрдем қызметінде үздіксіз тер төгіп келе жатқан Жақсылық Жарасовпен кездесіп, білікті маманмен сұхбат құрған болатын.
Астанада жедел жәрдем стансасы күніне шамамен 4000 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Ахмет Жұбанов көшесі бойында орналасқан Байқоңыр ауданының жедел жәрдем стансасына қала тұрғындары сәт сайын хабарласады. Жедел көмектен бөлек, телефон арқылы тиісті мамандардан дәрігерлік кеңес алу үшін де жүгінетіндер көп. Ал тәулік бойы жедел көмек беруге шығатын арнаулы бригада тобы сақадай-сай болады.
«Шақыртулардың көбі кешкі сағат 18.00- 20.00 аралығында түседі. Қазір күн жылынды, жаңа шыққан көк пен шаңнан аллергиясы бар жандар жиі хабарласады» дейді қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшер маманы Жақсылық Жарасов. Ол өз есімін мамандығымен тағыз байланысты екенін айтады.
Мен 5 жыл бойы фельдшер болып жұмыс істеп келемін. «Тараз-болашақ» медициналық колледжін бітірген соң, Астанаға жұмыс іздеп келдім. Атымды әжем қойған. Елге көмектессін, жақсылық жасасын деп ырымдаған болар. Өзімнің құлшынысым осы мамандыққа тартты. Бұл таңдауыма ешқашан өкінбеймін. Әр мамандықтың өзінің қиыншылығы бар ғой. Науқасқа алғаш баратын біз болғандықтан, әрине, жауапкершілігі жоғары. Шақыртулар арасында жалғызбасты қариялар болады. Олар балаларын көргендей жылы шырай танытып жатады. Кейде дөрекі науқастар кезігіп, жаман сөздер естіп жатамыз. Бірақ мамандығымыз эмоцияға берілмеуді талап етеді, - дейді ол.
25 жастағы білікті маман жәдел жәрдем сапында қызмет етіп жүріп, басынан кешірген бірқатар оқиғаны еске алды.
Кезекті шақырту түсіп, берілген мекен жайға бардық. Өзін жайсыз сезінген тұрғынға көмектестік. Барлық ем-шараны жасағаннан кейін жедел жәрдем шақырған өзімнің сыныптасым екенін байқадым. Мектеп бітіргелі талай уақыт өтті, бір-бірімізді танымай қалыппыз. Кейде осылай таныстардың үйіне барып қаламыз. Өз ортаңда медқызметкер болғандықтан, достарым хабарласып, не істеу қажеттігін сұрап жатады. Жұмыстан тыс алғашқы медициналық көмек көрсеткен жағдайлар да болды. Жол үстінде кетіп бара жатып, апатқа ұшыраған жолаушыларға құтқарушылар келгенше көмек көрсеткен едім. Кейде өзім көмек көрсеткен адамдарды автобуста немесе сауда орталықтарында кездестіріп жатамын, - дейді фельдшер маман.
Кейіпкеріміз «Жедел жәрдем келгенше...» деген пікірге келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, шынымен ауырып жатқан науқас мұндай пікірде болмайды-мыс.
Жедел жәрдем жұмысы оңай емес. Бас ауырса да, қызуы көтерілсе де, тіпті, түшкіріп, мазасы қашса да дереу көмек шақыратындар көп. Бірақ олардың көбі «жедел» шақыртуға жатпайды. Осыны адамдар түсіне бермейді. Шын ауырып қалған, дәрігерге мұқтаж жан бұлай айтпайды. Біз мекен жайға уақытында барамыз. Бірақ науқастың үйіне кіруге бірқатар кедергі болады. Көлік көп, көше тар болса, үй ауласына кіре алмаймыз. Шлагбаумдар да кедергі болып жатады. Жеке үйлерде үйдің мекен жайы дұрыс жазылмайды, қаңғыбас иттер де медқызметкерлерге қиындық тудыратыны жасырын емес. Күндізгі кезекшілікте 10-12 шақыруға барамын, ал кешкі уақытта шақыртулар саны 18 дейін жетеді. Фельдшерлер әрқашан сөмкелерін дәрі-дәрмекке толтырып отырады, - дейді ол.
Негізі, жедел жәрдем шақыртуларға санатына сәйкес жіберіледі. Егер науқастың ауруы қауіпті болса, шақырту 1-санатқа жатады. Мұндайда бригада 10 минутта жетуі тиіс. Ал науқастың өміріне медициналық көмексіз қауіп төну жағдайы 2-санатқа жатқызылады. Мұндай кезде жедел жәрдем қызметкерлері 15 минутта келуі міндетті. Сондай-ақ медициналық көмексіз денсаулығына зиян келсе, ол 3-санатты шақыртуға жатады. Мұндай жағдайда бригада 30 минут аралығында жетеді. Ал науқастың өміріне де, денсаулығына да қауіп төндірмейтін дерт 4-санатқа жатады. Оған 1 сағат аралығында баруға болады.
Жақсылық Жарасовтың алғашқы еңбек жолы коронавирус дерті өршіп тұрғанда басталған. Сын сағатта жас маман болған ол, тәулігіне 35 шақыртуға дейін барған. Кейде демалып, ас ішетін уақыт та болмағанын айтады.
Короновирус дерті ұшыққан уақытты жеке өмір деп қарастыруға болады. Дәрігерлер үшін өте ауыр кезең болды. Әр адам жақынынан айырылып жатты. Күннің ыстығында ауа өтпейтін киімді киіп, науқастарға баратын едік. Бір шақыртуға барып, артынан екіншісіне жолға шығатынбыз. Тамақтанатын уақытымыз да болмады, - деп еске алды ол.
Білікті фельдшер болашақта жедел жәрдемде жұмыс істеймін деген адам алдымен өз-өзіне жауапкершілік алуы керек деп есептейді.
Жедел жәрдем дәрігері болу дегеніміз, яғни, тәуліктің кез келген уақытында, кез келген ауа райында, кез келген көңіл-күйде және жеке бастың ешқандай да жағдайына қарамастан, пациенттің шақыртуына бару. Алдымен өз-өзіне жауапкершлік алуды білуі керек. Себебі сен біреудің ата-әжесіне, ата-анасына немесе бауырына барасың. Оларға туғанындай көмек көрсете білу керек. Қаншама адамның өмірі алғашқы көмек көрсететін адамның қолында болады. Одан кейін ісіне ұқыпты әрі жедел әрекет ете білу қасиеті болуы керек деп есептеймін. Ересек адам мазалаған жерін көрсете алады, ал балалар айта алмайды. Сондықтан да психолог сияқты жұмыс істей білу қажет, - дейді Жақсылық Жарасов.