Денсаулық

Елімізде 8 наурыз күні 366 қыз дүниеге келді

8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 босандыруды сәтті жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келді, сондай-ақ 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді. 

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала туды, екінші орында Алматы- 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.